ӘБУ ХАНИФА МЫНА ХАДИСКЕ НЕГЕ АМАЛ ЕТПЕГЕН?
ӘБУ ХАНИФА МЫНА ХАДИСКЕ НЕГЕ АМАЛ ЕТПЕГЕН?

Сұрақ: Әссәләму 'әләйкум уә рахмәтуллаһи уә бәрокәтуһ! «Сахих Бұхари» хадистер жинағында Алла елшісінің (ﷺ) намазда тақ ракағаттан кейін әуелі отырып, сосын қолын жерге сүйеп барып тұрғаны айтылады. Ал бұл хадиске Әбу Ханифа мәзһабында амал етілмейді. Неліктен? Арман

 

Жауап: Уаләйкум ассалям уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ !

Иә, бұл хадис «Сахих Бұхарида» келеді.

 

عن مالك بن الحويرث رضي الله عنه أنه رأى النبي صلى الله عليه وسلم يصلي فإذا كان في وتر من صلاته لم ينهض حتى يستوي قاعدا {صحيح البخاري ٨٢٣

 

«Мәлик ибн Хуәйрис (р.а) Алла елшісінің  намаз оқып жатқанын көрген. Ол намазында тақ ракағаттан соң кеудесін тіктеп отырып алмайынша орнынан көтерілмеген».  [Бухари 823]

 

Бұл хадис сахих. Яғни сенімді. Алайда Алла елшісі ﷺ бұл әрекетті әрдайым атқарған ба, әлде бір себеппен кейде ғана атқарған ба? Бар гәп осында. Ал Әбу Ханифа (رحمه الله تعالى) осы нәзік тұсты реттеп, Алла елшісінің  ﷺ дәйім атқарған іс-әрекеті мен себеппен уақытша атқарған іс-әрекетін екіге бөліп қарастырған. Әбу Ханифаның (رحمه الله تعالى) хадиске амал ету үшін қойған шарттары көп. Ол үшін кез-келген сахих хадиске амал етіле бермейді. Ол бөлек әңгіме. Біз тек қойылған сұраққа орай "хадисті қабылдау шарттарының" тек бір ғана түрін айтамыз.

Сонымен, Әбу Ханифа (رحمه الله تعالى) бойынша, бір іс-әрекетке "бекітілген сүннет" деп үкім берілу үшін оны Алла елшісі ﷺ (атқаруға тек кейбір себептер кедергі болмаса)  дәйім (яғни өмірінің соңына дейін) атқаруы тиіс. Себеппен атқарған істері сол себепке ғана тәуелді. Олай дейтініміз, сіз жоғарыда келтірірген амалды Алла елшісі ﷺ себеппен ғана орындаған. Мысалы, кәрілік немесе денсаулықта кінәрат болуы себепті т.б.

Әбу Ханифа (رحمه الله تعالى) бұл хадисті білген. Алайда ол хадисті тек кәрі немесе денсаулығында кінәраты бар адамға ғана рұқсат ретінде айтылған деп түсінген. Себебі, ол іс-әрекет Алла елшісінің ﷺ дәйім атқарған сүннеті емес екенін дәлелдейтін басқа да сенімді (сахих) хадистер бар. Мәлик ибн Хуәйристен (رضي الله عنه) де білімді сахабалардың жеткізген риуаяттары бойынша Алла елшісі ﷺ әрдайым тақ ракағаттан соң аяқтың ұшымен жерден қолмен сүйенбей тұрған екен. Бірде - бір үлкен сахабалардан тақ ракағаттан соң Алла елшісінің ﷺ отырып, кейін жерді сүйеніп тұрғандығы риуаят етілмеген [Қ/з: "Мусоннаф ибн Әби Шәйба" 1/394]

عن ابى هريرة قال كان النبى ينهض فى الصلوٰة علٰى صدور قدميه (ترمذى ج١ ص٣٨)

Әбу Һурайра (رضي الله عنه): «Алла елшісі (صلى الله عليه وسلم) намазда аяғының ұшымен тұратын»,- деген [Тирмизи 1/38.]  

 

Имам Тирмизи (رحمه الله تعالى) осы хадисті келтіреді де, артынша:

 

حديث ابى هريرة عليه العمل عنداهل العلم يختارون ان ينهض الرجل فى الصلوٰة علٰى صدورقد ميه . (ترمذى ج١ ص٣٨

«Ғалымдар Әбу Һурайраның хадисіне қарай амал еткен және олар намаз оқушының аяқтарының ұштарымен тұруын құп көреді»,- деген [Тирмизи 1/38]

Әбу Хамид ас Сәғдидің (رضي الله عنه) хадисінде де "отырып барып түрегелу" айтылмаған. Керісінше, ол жерде:

 

فقام ولم يتورك (ابوداؤد ج١ ص١٥٤، طحاوى ج١ ص١٢٧)

 "Бірден отырмастан тұрып кетті",- деп келеді. [Әбу Дәуд 1/154]

 

Әбу Шәйба «Мусоннафта» дәл осылай Умар, Әли, ибн Аббас, ибн Зубайрлердің (رضي الله عنهم) жасағандарын айтады. { "Мусоннаф" 1/394}

Имам Шә'би

 (رحمة الله عليه): كان عمر وعلى واصحاب رسول الله ينهضون فى صلوٰتهم على صدوراقد امهم (مصنف ابن ابى شيبه ج١ ص٣٩٤) «Омар, Әли және өзге сахабалар намазда аяқ ұштарымен тұратын»,- деген [ Сонда 1/394]

Абдулла ибн Омар (رضي الله عنه): «Алла елшісі намаз оқып жатқан кезде қолмен жерді сүйеніп тұрудан қайтарған»,- деген [ Әбу Дәуіт 992, Хаким "Мустадрак" 837, ибн Хузайма "Сахих" 692]

Абдулла ибн Язид (رحمه الله تعالى) айтады: «Мен намазда Абдуллаһ ибн Масғудқа ұйыдым. Мен оның бірінші және үшінші ракағаттарда қиямға қолдарын жерге сүйеместен тұрғанын көрдім»,- деген

[ Табарани "Кәбир" 9327, Бәйһақи " Куброо" 2596, Абдурраззақ " Мусоннаф" 2966]...

Хафиз ибн Қаиим Әл Ханбали

(رحمه الله تعالى): وقدروى عدة من اصحاب النبى وسائر من وصف صلاته لم يذكرهٰذه الجلسة

" Бұл туралы көптеген сахабалар айтқан. Олардың арасында біреуі де тақ ракағаттан отыруды айтпаған",- десе, басқа сөзінде:

ولوكان هديه فعلها دائما لذكرها كل واصف لصلوٰته ومجردفعله لهالايدل علٰى انهامن سنن الصلوٰة الا اذاعلم انه فعلها سنة يقتدى به فيها (زادالمعاد ج١ ص٦١)

«Егер тақ ракағаттан соң отыру Алла елшісінің (صلى الله عليه وسلم) әрқашан атқаратын сүннеті болғанда барлық сахабалар оны айтар еді ғой. Алла елшісі (صلى الله عليه وسلم) бір амал жасаса және оған шақырмайынша, оны сүннет деп айтуға болмайды»,- [Зәд әл Ма'ад" 1/65] деген.

Сонымен, Ханафи мәзһабы бойынша тақ ракағаттан соң отырып, кейін жерді қолмен сүйеніп тұруға тек соған мәжбүр болғанда немесе қатты ауырғанда ғана рұқсат. Басқа жағдайларда сүннет бойынша аяқ ұштарымен тұрып кету керек.

Алла жақсырақ біледі.

Жауап берген:

 Сабырғалиев Нұрлыбек,

«Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы

 

Nurgasyr.kz

 

 

НУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ
6 жыл бұрын 4326
0 пікір
Блог туралы