АЛЛАНЫ АСПАНДА ДЕП ЕСЕПТЕУ - ПЕРҒАУЫННЫҢ АҚИДАСЫ ЕКЕНІН БІЛ !!!
АЛЛАНЫ АСПАНДА ДЕП ЕСЕПТЕУ - ПЕРҒАУЫННЫҢ АҚИДАСЫ ЕКЕНІН БІЛ !!!

АЛЛАНЫ АСПАНДА ДЕП ЕСЕПТЕУ –ПЕРҒАУЫННЫҢ АҚИДАСЫ !!! 

1-дәріс

«Өкінішке қарай, бүгінде өздерін салафиміз деп жүрген кейбір жандар мұндай сұрақ арқылы кісінің «ақидасына» дұрыс яки бұрыс деп баға беріп, болашақтағы онымен қарым-қатынасын анықтауды мақсат етеді. Тіпті бұл ағымның кейбір өкілдері үйлену мақсатында танысқан адамға осы сұрақты қойғаннан кейін, егер «Алла аспанда» деген өзі күткен жауабын ести  алмаса, онда онымен ары қарай сөйлеспейді. «Сенің ақидаң адасқан» екен деп теріс айналып кете беретінін де естіп жатамыз.

Мұндай әрекет – діни білімнің таяздығынан, тепе-теңділік сақтап, жүйелі ойлауды жоғалқандықтан, қайсібір ағымдардың біржақты оқытқан жаттанды мәліметтерін ешбір елексіз құлай беріле қабылдаудан туындайды. Ондай адамдар өздері оқыған немесе тыңдаған уағыздан өзгеше ойлауды адасу яки тозаққа түсу деп ұққандықтан үнемі осындай ұшқары іс-әрекет пен шектен шыққан пікірлердің құрбаны болып жатады» (Қ. Жолдыбай, «Дін мен діл» 2-том, 23-бет)

Алла Тағаланың мекенсіз  және аспан мен жерді жарата тұра Өзі оған мұқтаж емес екеніне ғалымдар бірауыздан келіскенін айта отыра, осыны дәлелдейтін қосымша кейбір дәлелдерге тоқталып өтуді жөн көрдім. Сонымен:

Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَقَالَ فِرْ‌عَوْنُ یَا أَیُّهَا الْمَلَأُ مَا عَلِمْتُ لَکُم مِّنْ إِلَـهٍ غَیْرِ‌ی فَأَوْقِدْ لِی یَا هَامَانُ عَلَى الطِّینِ فَاجْعَل لِّی صَرْ‌حًا لَّعَلِّی أَطَّلِعُ إِلَى إِلَهِ مُوسَى وَإِنِّی لَأَظُنُّهُ مِمنَ الْکَاذِبِینَ

Перғауын: "Әй, бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй, Һаман! Лайды оттың үстіне салып маған  Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз.  Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын" деді. (38)

Шын мәнінде Перғауын баршаны алдау үшін осындай бұйрық беріп, халыққа: «Менің өзім – Құдаймын. Сендер үшін басқа Құдайды танымаймын. Бірақ мен Мұсамен жеке бас дұшпандығына ие және оның сөзін жөнсіз теріске шығарады деп ойламауларың үшін және сендердің үлкендерің де менің сөзімді түсініп, аспанда Құдайдың жоқ екендігін, Мұсаның өтірік айтатынын өз көздеріңмен көрулерің үшін осындай мұнара салуға бұйырдым» деді.

Ей, Алланың құлы! Аллаға мекен беріп, оны аспанда деуден сақ бол! Бұл Перғауынның ақидасы екенін  біл! Расында ол, Алланы аспанда деп ойлады және Алланы көремін де есептеді.

(Жалғасы бар...)

Ақтөбе қаласы,

«Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы

Сабырғалиев Нұрлыбек Мусағалиұлы

НУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ
6 жыл бұрын 4945
0 пікір
Блог туралы