ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҚ ТАЛДАУ: ІІІ бөлім «Тарауих пен тәһәжүд – екі бөлек түнгі намаздар»
ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҚ ТАЛДАУ: ІІІ бөлім «Тарауих пен тәһәжүд – екі бөлек түнгі намаздар»

Мақала Мүфти Джамил Ахмад Назиридің

«Намаз посланника (с.а.с.) Аллаһа»

деген кітабынан алынып, аударылды

(«ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҚ ТАЛДАУ» мақаласының алдыңғы бөлімдерін мына сілтемелер бойынша оқи аласыздар:

І бөлім - http://nurgasyr.kz/index.php/ma-alar/2137-tarauikh-namazyna-atysty-toly-taldau-i-b-lim-tarauikh-namazy-8-raka-attan-t-rady-deushilerdi-d-lelderi-te-lsiz

ІІ бөлім - http://nurgasyr.kz/index.php/ma-alar/2140-tarauikh-namazyna-atysty-toly-taldau-ii-b-lim-tarauikh-namazyny-20-raka-attan-t-ratyndy-y-turaly-d-lelder-te-uatty )

 

4.1. Тәһәжуд намазының ракағат саны

Тарауих 8 ракағаттан тұрады деушілердің көзқарастарында - тарауих пен таһажжуд екеуі бір намаз. Рамазанда ол оқылса тарауих, рамазаннан өзге айларда оқылса таһажуд атанады екен.

Біріншіден, «рамазан айында оқылса – тарауих, өзге айларда оқылса – таһажуд» деген көзқарастары дәлелсіз. Тіпті екеуі бір намаз дегеннің өзінде де, таһажуд намазы тек сегіз ракағаттан тұрады, арттыруға да, кемітуге болмайды дегенін дәлелдеу мүмкін емес. Себебі Аллаһ Елшісі (с.а.с.) рамазанда да, өзге айларда да тек 8 ракағатпен шектелмеді. Өзге сенімді хадистерде одан аз және көп болғандығы риуаят етіледі.

عن عبدال بن ابى قيس قال سألت عائشة رضى ال عنها بكم كان رسول ال

يوترقالت بار بع وثلث وست وثلث وثمان وثلث ولم ي كن يو تر باك ثر من

ث عشرة ول انقص من سبع (ابوداؤد ج ١ ص ١٩۳، طحاوى ج ١ ص ١۳٩ , ثل

Абдуллаһ ибн Аби Қайс (р.х.м.) өзінің Айша анамыздан (р.а.): « Аллаһ Елшісі (с.а.с.) таһажудты үтірмен бірге есептегенде қанша ракағат оқитын?», - деп сұрағанын жеткізеді. Сонда Айша (р.а.) анамыз: «Төрт ракағат және үш, алты ракағат және үш, сегіз ракағат және үш. Оның үтір намазының ракағат саны он үштен көп, жетіден аз болмады», - деп жауап берген. [Әбу Дәуд 1/193, Тахауи 1/139]

Бұл хадисте таһажуд пен үтірді қосып, «үтір» деп атап отыр. Осы хадисте белгілі боп отырғандай Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таһажуды үтірден бөлек, 4,6,9 ракағаттан болған. Сонда үтірмен бірге есептесек жалпы саны 7,9,11.

«Сахих ибн Хузеймада»

عن عبدال بن شق يق عن عائش ة كان ر سول ال يص لى من الل يل تس ع

ركعات فيهن الوتر (ج ۲ص ١٩۳)

Абдуллаһ ибн Шакик (р.х.м.) Айша (р.а.) анамыздан: « Аллаһ Елшісі (с.а.с.) түнде 9 ракағат оқыды. Оның ішінде үтір намазы да бар еді»,-деген хадисті жеткізген. [«Сахих ибну Хузайма» 2/193]

Бұл хадисте 6 ракағаттан тұратын таһажуд намазы туралы айтылған.

عن ابن عباس كان رسول ال يصلى من الليل ثلث عشرة ركعة (صحيح ابن

خزيمه ج ۲ص ١٩۲

Абдуллах ибн Аббас (р.а.) әңгімелейді: « Аллаһ Елшісі (с.а.с.) түнде 13 ракағат оқыды». [« Сахих ибн Хузейма» 2/ 192]

عن جابر بن عبدال ان ر سول ال صلى ب عد العت مة ثلث عشرة رك عة .

( (صحيح ابن خزيمه ج ۲ص ١٩۲

Джабир (р.а.) жеткізеді: « Аллаһ Елшісі (с.а.с.) түнгі намаздан кейін 13 ракағат оқыды» [«Сахих ибн Хузейма» 2/192]

Екі хадисте де 10 ракағаттық таһажуд намазы айтылған.

ى , ة ر سول ال الليلة فص ل , عن ز يد بن خالد الجه نى ا نه قال لرم قن صلو

لى ركعتين , لى ركعتين طويلتين طويلتين طويلتين ثم ص , ركعتين خفيفتين ثم ص

وه ما دون اللت ين قبله ما ثم صلى ركعت ين وه ما دون اللت ين قبلهما ثم صلى

ث عشرة ركعة (مسلم ج ١ ص , ركعتين وهما دون اللتين قبلهما ثم اوترفذالك ثل

۲٦۲، مؤطا امام مالك ص ٤٥ ، ابوداؤد ج ١ ص ۲٠٩

Зейд ибн Халид Джухани (р.а.) айтады: «Бір күні мен Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) намазына көз салып отыр едім. Ол (с.а.с.) жеңіл екі ракағат оқыды. Кейін өте ұзақ екі ракағат оқыды. Кейін осы алдыңғы екі ракағаттан да қысқа екі ракағат оқыды. Кейін тағы алдыңғыларынан да қысқа екі ракағат оқыды. Кейін тағы да алдыңғыларынан да қысқа екі ракағат оқыды. Ал содан кейін үтір оқып, барлық ракағат саны он үшке жетті. [ Муслим 1/262, Әбу Дәуд 1/209, Муатта имам Мәлик 45-б]

Мәуләнә Абдурахман Мубаракфури былай деп жазады:

ا نه قدث بت ان رسول ال كان يصلى ثلث عشرة رك عة سوى ركع تى الف جر

( (تحفة الحوذى ج ۲ص ٧۳

« Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таң намазының екі ракағат сүннетінен өзге түнде оқылған намазының ракағат саны 13 болғандығы дәлелденген». [«Тухфатуль Ахуази фии шарх Сунән әт-Тирмизи» 2/73]

(!) Енді, тарауих пен таһажуд намазын бір намаз деп және тарауих намазы тек 8 ракағаттық, одан аз, не көп емес дейтіндер ойлансын. Егер сенімді жолмен 4, 6, 8 және 10 ракаттар жетіп отырса, қалайша олардың сөздері шындыққа жақын болмақ? Егер тарауихпен таһажудты бір намаз деп есептесек, онда олар тарауихтың санын 8 деп шектемей, 4, 6, 8, 10 ракағаттарды да сүннет деп есептеу керек. Ал олар олай есептемейді. Тарауих тек 8 ракағаттық дейді.

Ал Айша анамыздан (р.а.) келген «Рамазан айында және одан өзге айларда Аллаһ Елшісінің түңгі намазы 11 ракағаттан аспайтын» делінген мәтіндегі хадис Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) ешқашан 8 ракағаттан кем, не көп оқымағаны туралы айта тұра, Айша анамыздың (р.а.) өзінен келетін өзге сохих хадистерге қайшы келіп қалады. Егер осы себепті, 8 ракағат таһажуд оқуды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұрақты іс-әрекеттерінен деп білсек, онда Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадис идтираб екені еш күмәнсіз. Ол кезде оны басқа хадистермен байланыстырып, біріктіру керек. Яғни, Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таһажуд намазының ракағаттары әр түрлі жағдайлар мен себептерге орай өзгеріп отырды, бірақ 8 ракағатты жиі оқып тұратын деп түсінуіміз керек. Сонда ғана хадистер бір-біріне қайшы келмейтін болады. Бірақ, ол жағдайда тарауихты таһажуд дейтіндер және оны 8 ракағатпен шектейтіндерде еш дәлел қалмайды. Сол себептен, оларға: «8 ракағат тарауих оқу негізі сүннет, ал кейде 4, 6, 10 ракағаты да оқып тұратын», деу керек еді. Олар олай есептемейді, өкінішке орай. «Бекітілгені және сүннет бойынша тек 8 ракағат, одан асырып, не кемітуге болмайды», дейді.

 

4.2. «Сахих ибн Хузайма» және таһажуд намазы

Имам Әбу Бәкр ибн Исхақ ибн Хузайма (р.х.м.) бұл мәселені толық зерттеген. Ең бірінші, имам ибн Хузайма Аллаһ Елшісі (с.а.с.) үтірді есептегенде 13 ракағат оқығандығын баяндайтын Абдуллаһ ибн Аббас пен Джабир ибн Абдуллаһтың (р.анһум) хадистерін келтіреді. [«Сахих Ибн Хузайма» 2/192]

Екіншісіне, имам Аллаһ Елшісі (с.а.с.) Рамазанда да, өзге айларда да түнгі намазының ракағат санын 11-ден асырмайтыны турасында айтылған Айша анамыздан (р.а.) келетін хадисті келтіреді. [«Сахих ибн Хузайма» 2/192]

Одан кейін имам Айша анамыздан (р.а.) келетін өзге бір хадисті дәлелге ұсынады. Ол хадисте Аллаһ Елшісінің (с.а.с) үтірді қосқанда 7 ракағат оқығандығы айтылған. [«Сахих ибн Хузайма» 2/192]

Осы үш хадисті имам келтіріп, біріктіріп, былай деп бап қояды: « Бұл тарау, осы келтірген үш хадистің бір-біріне қайшы емес екені турасында». Бұған дәлел ретінде имам Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) әуелі 13 ракағат, кейін 11 ракағат, кейін 9 ракағат оқығанын келтіреді.

Айша анамыздан (р.а.): «Әбу Исхақ әл Хамдани (р.х.м.) Масруқтың (р.х.м.) Айша анамызға (р.а.) келіп Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) тахажуді жайлы сұрап келгенін жеткізеді. Сонда Айша анамыз (р.а.): «Әуелі ол 13 ракағат оқыды. Кейін 2 ракағатын қалдырып 11 ракағат қылып оқыды. Ал өмірден өтерінің алдында 9 ракағат оқыды. Оның ең соңғы түнгі намазы үтір болды», - деп жауап берген. [«Сахих ибн Хузайма» 2/193]

Одан кейін имам таһажуд намазы туралы келген хадистерді жинай келе, былай қорытынды жасайды: «Мен өзімнің «Әл Кабир» атты еңбегімде Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таһажуд намазының ракағаттар санын баяндайтын барлық хадистерін жинадым. Осы кітабымда (яғни «Сохихымда»)хадистерді жеткізушілердің әр түрлі риуаяттарды жеткізгенін келтіргенімдей, ол кітабымда да соны келтірдім.

Расында, Аллаһ Елшісі (с.а.с.) кей түндері өзге түндеріне қарағанда таһажудтың ракағат санын арттырған күйде оқыған. Сахабалар, Оның (с.а.с) пәк әйелдері мен өзге әйел сахабалар (р.анһум уә р.анһунна) таһажуд намазының артықшылықтары мен ракағат сандары туралы өздерінің Аллаһ Елшісінен (с.а.с.) көргендерін жеткізген. Сол себептен, ол мәселеде болатын ихтиләфтар жәйз, яғни рұқсат етілген. Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) оқыған ракағат санының қайсысы ұнаса соны оқуға рұқсат және қандай бейнеде оқыса да рұқсат. Ешкімге ешқандай шектеу қойылмайды». [«Сахих ибн Хузайма» 2/193]

Ескерту! Хафиз ибн Хаджар Асқалани да (р.х.м.) да Айша анамыздан (р.а.) келетін түрлі риуаятарды осылай біріктірген. [«Фәтхул Бәри» 3/21]

Егер таһажуд пен тарауих олардың шешімі бойынша бір намаз боп есептелсе, онда 8 ракағатты жақтаушылар таһажуд намазының ракағаттар саны туралы келген риуаяттардың бәрі сүннет екенін және оны әркім әрқалай бейнеде оқи алатынын мәлімдеу керек.

Бір қызығы, олар тарауих пен таһажудтың бір намаз екенін дәлелдеу үшін бар күштерін салады да, таһажуд намазының ракағат санын 8-ден асыру мен кемітуді сүннет деп санамайды.

 

4.3. Тарауих пен тәһәжуд – екі бөлек түнгі намаздар

Бұл тақырып тарауих пен таһажудті бір намаз деп санайтындардың сөзіне байланысты. Бірақ, біздің пікірімізше, тарауих пен таһажуд екеуі екі бөлек намаз. Сол себептен, біз «Рамазанда да, рамазаннан басқа айларда да 11 ракағаттан асырмайтын» деген хадис тарауихқа байланысты емес, керісінше, рамазанда да, рамазаннан басқа айларда да оқылатын таһажуд намазына қатысты деп есептейміз.

Таһужуд пен тарауих төмендегі жағдайлармен айырмашылығы анықталады:

1) Таһажудты оқу туралы бұйрық Құраннын өзінен келген.

«Түннің кей бөлігінде тұрып таһажуд оқы. Және бұл тек саған арналған (қосымша амал)» [Бану Исраил 79-аят]

« Түнде тұр, бірақ аз ұйықта. Түннің жарымын және одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос» [Музаммил 2-4-аяттар]

Ал тарауих оқу туралы бұйрық хадисте келеді.

Абдурахман ибн Ауф (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) берекелі рамазан айын ескеріп: « Бұл – Алланың сіздерге оразаны парыз еткен, ал мен намазды сүннет еткен ай»,-деп айтқанын жеткізеді. [Ибну Маджа 95-бет]

2) Барлық үммет Аллаһ Елшісінің (с.а.с) өмірінде тарауих намазын тек 3 күн ғана оқығандығына келіскен. Егер, тарауих пен таһажуд екеуі бір намаз болса, рамазандағы ол үш күннен басқа күндерде оқылған намаздарды да тарауих деп атауымыз керек. Ал олар оны тарауих емес, таһажуд намазы дейді. Тіпті, ол намаздар да рамазан айында оқылған болса да. Осыған қарамастан, ол екеуі бір намаз дейді.

3) Таһажуд намазы Аллаһ Елшісі (с.а.с) үшін парыз, ал тарауихты ол (с.а.с.) тек 3-ақ күн оқыды. Бірақ, ешқандай сахих не доғиф хадистерде Аллаһ Елшісіне (с.а.с.) рамазаннан өзге айларда ғана таһажуд парыз боп, ал рамазанда тарауихқа айналатындығы және сол намаз тарауих деп аталатындығына келмеген.

4) Тарауих пен таһажуд арасында және бір айырмашылық ракағат сандарына байланысты және таһажуд намазының ракағат санын баяндайтын хадистер анық әрі түсінікті. Жоғарыда келтіргенімдей, таһажудтың минималды ракағат саны үтірмен қосқанда -7, максималды – 13. Ал тарауих намазының ракағат санына нақты хадис келмеген жоғарыда кеңірек тоқталғанымыздай.

5) Имам Бухаридың (р.х.м.) іс-тәжірибесінен де ол екі намаздың екі түрлі екендігі белгілі болып отыр. Ол рамазан айында әдетте түннің алғашқы бөлігін намазды жамағатпен өткізетін. Ол кезде Құранды бір айда хатым етіп бітіріретін. Ал таңға қарсы өзі жеке намаз оқитын және үш күн сайын Құранды толық бітіріп оқып шығатын. Тарауихтың әр ракағатында 20 аятан оқитын. Хафиз ибн Хаджар (р.х.м.): «Рамазан айының алғашқы түні имам Бухаридың (р.х.м.) шәкірттері жиналып, ол олармен әр ракағатта 20 аяттан оқып, Құран аяқталғанша осы әрекетін жалғастыратын. Ал сухур уақытында Құранның үштен бір бөлігін аяқтайтын. Дәл осылай сухур уақытында әр үшінші түні Құранды толық оқып бітіретін»,-деп жазады. [«Һәди ус Сәри Муқаддимату Фәтхул Бәри» 481-бет]

6) Таляқ ибн Әли (р.а.) де ол екі намазды екі бөлек деп есептеген. Оның ұлы Қайс ибн Таляқ (р.х.м.): «Таляқ ибн Әли (р.а.) рамазанның бір күні біздерге келді де, бізбен ифтар жасады. Сол түні бізбен бірге намаз оқыды. Кейін үтір оқыды. Кейін ол өз мешітіне кетті де, өз достарымен бірге намаз атқарды.Кейін кезек үтірге келгенде, бір досын ортаға шақырып, имам бол деп: « Өз достарыңмен бірге үтірді атқар. Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.с.): «Бір түнде екі үтір жоқ»,-дегенін естідім»,-дегенін жеткізеді. [«Әбу Дәуд» 1/219 ]

Ескерту: Бұл жерде таһажудты Таляқ ибн Әли (р.а.) жамағатпен оқып отыр. Бұл тақырыпта фақиһтар арасында пікірталастар бар. Бұған кеңшілік бар.

Байқап отырсаңыз, Таляқ ибн Әли (р.а.) үтірмен бірге оқыған алғашқы намазы тарауих болды. Ал мешітте оқығаны таһажуд болды.

7) Ханбали мәзһабының фикһы баяндалған «Макна» атты кітапта: «Тарауих – рамазанда оқылатын 20 ракағат намаз. Одан кейін үтірді жамағатпен оқу керек. Ал егер таһажуд оқығыңыз келсе, үтірден соң оқи беріңіз»,-делінген.

Бұл тарауих пен таһажуд екеуінің екі бөлек екені дәлелдейді. Сонымен қатар, сол кітаптың сілтемесінде Имам Ахмад ибн Ханбалдың мынандай сұрағы оның немересі Мухаммад ибн Абдулуаһһаб арқылы: «Егер адам тарауих пен таһажудты оқыса, тарауихтан соң имамға ұйып үтір оқыса, имаммен бірге оның үшінші ракағатында сәлем бермей 4-ші ракағатқа тұрып кетуі керек. Одан кейін таһажуд оқып, үтір намазын оқысын. Себебі, хадисте бір түнде екі үтір оқылмайтыны айтылған»,-деп жазылғаны жеткен. [«Ракағатиль Тарауих мәзил» 119-бет]

8)Исламның алғашқы жылдарында Аллаһ Елшісіне де (с.а.с.) де жалпы үмметке де таһажуд парыз болды. Кейін бір жылдан соң парыз болу міндеті түсірілді. Үмметке нәпіл болып есептелді.

«Саъд ибн Һишәм (р.х.м.): « Мен Айша анамыздан (р.а.): « Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) түнгі намазы туралы бізге айтып беріңізші»,-деп сұрадым. Ол (р.а.): « Сен «Ей, бүркеніп жатушыны» (музаммильді) оқымайсың ба?» - деп сұрады. Мен: «Неге оқымаймын?»,-дедім. Ол (р.а.): «Оның бірінші бөлігі түскенде Сахабалар Аллаһ Елшісімен (с.а.с.) қосылып аяқтары іскенше намаз оқыды. Сүренің соңғы бөлігі аспанда 12 ай кешікті. Кейін түсірілгенде түнгі намаз нәпілге айналды», - дегенді жеткізді». [Әбу Дәуд 1/202]

Абдуллаһ ибн Аббас та (р.а.) осыған мағыналас хадистерді жеткізді. [Әбу Дәуд 1/201]

Алғашқы уақыттарда таһажуд намазы барлығына парыз болғанда тарауих намазы болмады.Һижреттен соң ораза парыз болғанда, олмен бірге тарауих намазы айтылып,нәпіл намаз ретінде бекітілді. Сол уақыттары Аллаһ Елшісі (с.а.с.) өз сөзінде: « Аллаһ Тағала рамазан айында оразаны парыз етті, ал түнгі намазды нәпіл қылды»,-деген болатын. [«Мишкатул Масабих» 1/173]

Егер таһажуд намазы тарауих болса, онда «түнгі намазды нәпіл қылды» деп айтылу керек емес еді. Керісінше, «таһажуд рамазанда да, рамазаннан өзге айда парыз болуы керек» делінуі қажет еді. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, рамазанда да, рамазаннан өзге айларда да нәпіл атанды.

Ибн Мәджәдан: «Аллаһ Тағала рамазан айында оразаны парыз етті, ал түнгі намазды сүннет қылды»,- делінген хадис жетті. [95-бет]

Осы хадистерден түсінгеніміздей, Аллаһ Елшісі (с.а.с.) рамазан айындағы тарауихты «бекітілген сүннет» етіп отыр. Ал Аллаһ Тағала Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзінен бұрын таһажудты нәпіл қылды. Осыдан-ақ, тарауих пен таһажуд әр түрлі кезеңде бекітілген екі түрлі намаз екені байқалып тұр. Таһажуд намызын оқу Құраннан бұйырылған, ал тарауих сүннеттен келіп тұр.

9) Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таһажуд намазын түннің соңғы бөлігінде оқығандығы турасында көптеген хадистер келген.Таһажуд намазын оқып болып, үтір оқитын. Кейде, үтірден кейін екі ракағат нәпіл оқитын, кейде оқымайтын. Кейін аздап тынығу үшін жататын, кейде жатпайтын. Сол кезде таң намазына азан шақырылып жататын. [Бухари 1/153, Муслим 1/253]

Бұл жерде, намаздың азан мен оның шақырылу уақытына жақын болғаны себепті Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) таһажуд намазы түннің соңғы бөлігінде оқылатыны дәлелденір тұр. Және бұл күнделікті іс-тәжірибесі болатын.

Ал тарауих намазы керісінше құптаннан соң бірден оқылатын. Бірінші тарауихты Аллаһ Елшісі (с.а.с.) аяқтағанда түннің алғашқы бөлігі өтті. [Әбу Дәуіт 1/211, Тирмизи 1/99]. Екінші күні оқылғанда түннің жартысы аяқталды. [Әбу Дәуіт 1/211,Тирмизи 1/99]. Үшінші күні Аллаһ Елшісі тарауих намазын түннің соңына дейін оқыды. [Әбу Дәуд 1/211, Тирмизи 1/99]

10) Аллаһ Елшісі таһажуд намазын әрдайым жеке оқитын. Ешкімді шақырмайтын. Бірақ, біреу өз еркімен қосылса басқа мәселе. Мысалы, бір кезде Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) қосылған еді. [Әбу Дәуд 1/208]

Бірақ тарауих үш күн бойы жамағатпен атқарылды. Соңғы түні бала-шағасы, жұбайлары да қосылды. [Тирмизи 1/99, Әбу Дәуд 1/211]

11)Аллаһ Елшісі (с.а.с.) ешқашан таһажуд үшін түні бойы ояу қалпында жүрмейтін. Кейде ұйықтайтын. Таһажуд оқып өзін сергек сезінетін. [Бухари 1/153]

Айша анамыз (р.а.): « Мен ешқашан Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) бір түнде намазда тұрғанда Құранды толық оқып шыққанын, таң атқанша түнімен намаз оқығанын           (яғни таһажудты), рамазаннан бөлек өзге айларда үздіксіз ораза тұтқанын көрген емеспін»,-деген. [Муслим 1/256, Әбу Дәуд 1/206]

Әбу Зардың (р.а.) риуаяты бойынша тарауихтың 3-ші түні Аллаһ Елшісі (с.а.с.) құптаннан бастап таңға дейін намаз оқығанын жоғарыда (1-бөлімде) айтып кеткен болатынмын.     [Әбу Дәуд 1/211, Тирмизи 1/99] Ал бұл туралы Айша анамыз да (р.а.) білген болатын. Себебі, ол түні Оның (с.а.с.) барша әйелдері намазға тұрды.

Айша (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) ең ұлы әйелдерінің бірі болатын. Егер ол жоғарыдағы хадисте келгендей «түні бойы таң атқанша намаз оқыған емес» десе, оның меңзеп тұрғаны таһажуд намазы екені белгілі. Ал таң атқанша оқылған тарауих намазына оның өзі (р.а.) де қатысқан болатын.

12) Хадистерде келгендей, Аллаһ Елшісі (с.а.с.) рамазан айында құлшылыққа ынталанғанындай, өзге айларда олай түні бойы намаз оқымайтын. Сол үшін де, рамазан айында Оның (с.а.с.) жомарттығы мен Аллаһ жолына бағыштауы оразан зор болатын. [Бухари 1/255]

Басқа жағынан алғанда, Айша анамыздың (р.а.) «Рамазанда да, одан өзге айларда да Аллаһ Елшісі түнгі намазын 11-ден асырмайтыны» белгілі. Енді сұрақ туындайды. Егер арамазаннан өзге айларда 11 ракағат қана оқыса, рамазандағы намазға деген құлшыныстар қайда қалды? Сонда, рамазанда да, өзге айларда да құлшылық көлемі бірдей болғаны ғой. Міне, сол үшін де, тарауих пен таһажуд екеуі екі бөлек екенін мойындауымыз керек. Тек осы кезде ғана,рамазан айындағы құлшыныс көрінеді.

Егер рамазан мен өзге айларда намазының ракағат саны бірдей болса, онда төмендегі мына хадистерді қалай түсінеміз?

Айша анамыздан (р.а.): « Рамазан айы келгенде рамазан қайта шықпайынша Аллаһ Елшісі (с.а.с.) төсегіне жатпайтын». [Байһақи]

Соңғы 10 күн туралы ерекше айтылған.

Айша анамыз айтты (р.а.): «Рамазан айының соңғы 10 күні келгенде изарын жоғары көтеретін (іске құлшына кірісетін), түндерін құлшылықпен өткізетін, әйедерін оятатын» [ Бухари 1/271, Муслим 1/372]

Айша анамыздан (р.а.) тағы жеткен хадисте: « Рамазан айының соңғы он күнінде құлшылыққа өзін арнағанындай, рамазан айының өзге күндерінде олай жасамайтын». [Муслим 1/372]

13) Тарауих намазының жамағатпен оқылғанын көргендегі Омардың (р.а.) сөзінен де тарауих пен таһажудтың екі бөлек намаз екенін байқауға болады. Ол осы жағдайды көріп: «Бұл не деген жақсы бидғат. Ұйқыдан соң оқитын намаз, қазіргі оқып жатқан намаздарыңнан жақсырақ. Яғни, тарауих намазын түннің соңғы бөлігінде оқу жақсырақ, бірақ сіздер оны түннің алғашқы уақытында оқисыздар»,-деген. [Бухари 1/269]

Омардың (р.а.) бұл сөзінен, таруихты түннің соңғы бөлігінде, яғни алғшқы емес, соңғы ұйықтайтын уақытта оқу жақсырақ екенін түсінеміз. Соңғы түннің уақыты – таһажуд уақыты. Егер тарауихты соңғы түннің бөлігінде оқыса, адамдар таһажуд оқығанның сауабын алар еді. Себебі, нәпіл намаздар бір-бірінің орнын басады. Егер духа намазы уақытында кусуф намазын оқысақ, онда ол духаның орын басады. Духа намазын арнайы бөлек оқудың қажеті жоқ. Сол секілді, мешітке келген адам бесіннің сүннетін оқыса, ол мешітке сәлем намазының орнына жүреді.

Сол секілді, таһажуд орнына тарауих оқыса, тарауих таһажудтың орнын басады. Сол себептен, таһажудты бөлек арнайы оқудың керегі жоқ. Аллаһ Елшісі (с.а.с.) үшінші күні тарауихты таң атқанша оқыды. Тіпті, сахабалар сухурды өткізіп аламыз ба деп қорықты. Тарауихтан соң Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) бөлек таһажуд оқығанына дәлел келмеген.

 

4.4. Бір «дәлел» және оған жауап

8 ракағатты сүннет деушілер Омардың (р.а.) үтірді қосқанда 11 ракағат оқуға бұйырғандығын дәлел ретінде келтіреді.

Имам Мәлік Мухаммад ибн Юсуфтан, ол Сайд ибн Язидтен (р.х.м.) «Омардың (р.а.) Үбәй ибн Каъбке (р.а.) және Тәмим әд Дәриге (р.а.) адамдарға 11 ракағат оқуды бұйырғанын» жеткізеді. [«Муатта» 1/42-44]

Бұл хадисті өте қатты шатасқан (идтираб) және дәлелге мүлдем жарамайды. Сайиб ибн Язидтен (р.а.) бұл хадисті Мухаммад ибн Юсуф келтіреді. Ал одан имам Малик (р.х.м) жеткізіпті. Бірақ, Мухаммад ибн Юсуфтан бұл хадисті имам Малик қана жеткізбеген. Мухаммад ибн Юсуфтың 4 шәкіртін қосыңыз. Олар: Яхья ибн Қатан, Абдулазизи ибн Мухаммад, Ибн Исхақ және Абдурззақтың ұстазы. Қызық, имам Маликті (р.х.м.) қосқанда, ол 5 шәкірті бұл хадисті 5 түрлі жеткізген.

Мысалы, Имам Мәліктен жеткен риуаятта (яғни жоғарыдағы) Омардың (р.а.) бұйрығын екі сахабаның орындап-орындамағаны айтылмаған.

Яхья ибн Қатанның риуаятында, Омар (р.а.) Үбәй ибн Каъб пен Тәмим әд Даридің (р.а.) артына адамдарды жинап, 11 ракағат оқығандығы айтылады. Бірақ, олар оны өз еріктерімен атқарды ма, Омардың бұйрығымен атқарды ма? Жауап жоқ!

Абдулазиз ибн Мухаммадтың риуаятында Омардың (р.а.) уақытында 11 ракағат оқылғаны айтылады. Бірақ бұл нұсқада Омардың (р.а.) бұйрығы да, Үбәй ибн Каъб пен Тәмим әд-Дәри туралы ештене айтылмаған.

Ибн Исхақтың нұсқасында, рамазан айында Омардың (р.а.) уақытында 13 ракағат оқығандығы айтылған. Бұл жерде тіпті 11-дің орнына 13 ракағат айтылып тұр, және Омардың (р.а.) бұйрығы да, Үбәй ибн Каъб пен Тәмим әд-Дәри туралы ештеме жоқ.

Абдурраззақтың нұсқасында Омардың (р.а.) 21 ракағат оқуға бұйрық бергендігі айтылады. 11 емес, 13 емес, 21.

Бір жағынан, Мухаммад ибн Юсуфтың 5 шәкірті хадисті 5 түрлі етіп жеткізген, ал екінші жағынан, осы Сайб ибн Язидтен жеткізген Язида ибн Хасифаның (р.х.м.) да бар екенін ескертеміз. Оның хадисі Байһақида келеді:

«Ибн Аби Зиб, ол Язид ибн Хасифадан, ол Саиб ибн Язидтен (р.а.): «Омардың (р.а.) тұсында адамдар рамазанда 20 ракағат оқыды» [Байһақи 2/496]

Бұл хадисте Омардың (р.а.) тұсында 20 ракағат тарауих оқылғаны ашық айтылған. Бір назар аударатын нәрсе сол, Сайб ибн Язидтен бұл хадисті оның екі шәкірті жеткізген.ибн Аби Зиб пен Мухаммад ибн Джағфар. Ол екеуінің риуаятында қарама-қайшылық жоқ. Екеуі де оны бір мәтінде өзгеріссіз жеткізген.

Ендеше, күдікті және қарама-қарсы мәтінді жеткізген Мухаммад ибн Юсуфтың 5 шәкіртінен әділдік тұрғысынан үкім шығармай, Язид ибн Хасифаның (р.х.м) еш күмән жоқ, келісілген қос шәкірті риуаят еткен мәтінді дәлелге алуымыз керек.

Язид ибн Хасифадан (р.х.м.) 20 ракағат деп жеткен риуаятты Имам Нәуәуи (р.х.м.) және имам Ирақи (р.х.м.) және Субки (р.х.м.) «сохих» деген. [« Тухфатул Ахьяр» 192-бет]

Ал, ибну Абдуль Барр (р.х.м.) «Шарх Муатта» атты кітабында Мухаммад ибн Юсуфтың 11 ракағат туралы жеткізгенін «ойдан тоқылған» деп бағалаған. [« Мирқатул Масабих» 2/174, «Бәзл» 2/305, «Ауджаз» 1/394, «Тухфатул Ахьяр» 191-бет]

Ал кейбірі ол хадисті «сохих» деген. Бірақ, бір шартпен. Бұл хадисте алғашқы кезде үтірмен қоса тарауих 11 ракағат болды, кейін, 20 ракағат бекітілді. Және оған ешкім қарсы шықпады. [« Мирқатул Масабих» 2/174, «Бәзл» 2/305, «Ауджаз» 1/394, «Тухфатул Ахьяр» 191-бет]

 

4.5. Түсіндірмені керек ететін түсінік

Мухаммад ибн Исмаъил Амир «Субулус Салям Шарх Булуғ әл Марам» атты кітабында (1/138) «Менің және тура жолдағы халифаларымның сүннетіне еріңдер» деген хадиске біртүрлі түсінік берген. Мысалы, ол кісі халифалардың сүннеті дегенге, халифалардың әрекеті сүннетке сай келсе ғана ереміз дегенді білдіріп тұр деп отыр.Бұл тіптен ақылға қонымсыз әрі күлкілі түсінік екен. Осыған дейін келтірген дәлелдерімізді сараптай келе, 20 ракағат тарауих Омардың жеке ойы дегенге кім сене қояды? Бұл Мухаммад ибн Исмаъил Әмирдің әділетсіздігі.

Кейін, «иқтида» мен «тақлид» екі түрлі мағына береді деу де ақымақтық. Сөздікте ол екеуі бір мағынада.

Соңында, Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз мақтау, Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с) салауаттар болсын!

(Соңы)

Аударған: Нұрлыбек САБЫРҒАЛИЕВ,

«Әл-Ләтиф» мешітінің Бас имамы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

 
НУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ
7 жыл бұрын 5216
0 пікір
Блог туралы